Алматыдан 377 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 14 желтоқсан күні 22 сағат 32 минут 4 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің эпицентрі – Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қытай аумағында. Энергетикалық класы – 11.0. MPV магнитудасы – 5. Эпицентр координаттары – 44.78° с.е. 81.08° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.