Алматыдан 380 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 380 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Алматыдан 380 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінді

Ведомствоның мәліметінше, 17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:40 кезінде жер сілкінісі тіркелген.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 380 шақырым жерде, Қытай территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9.

Магнитудасы - MPV 3.9.

Координаттары - 44.45° с.ш. 81.30° в.д.

Тереңдігі - 5 шақырым.

Сезілгені жайлы мәлімет жоқ.