23:44, 06 Қаңтар 2019 | GMT +5
Алматыдан 381 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 22 сағат 22 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 381 шақырым жерде, Қытай аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.7. MPV тербелісі - 5.3, тереңдігі - 20 км.
Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.