Алматыдан 392 км қашықтықта 4.3 магнитудалық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 сағат 14 минут 22 секундта Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 392 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдан 392 км қашықтықта 4.3 магнитудалық жер сілкінісі болды

Зілзаланың ошағы Қытай аумағында жатыр.

«Зілзаланың энергетикалық класы 9.9. Магнитудасы 4.3. MPV. Бағыты 39.81° с.е. 75.85° ш.б. Тереңдігі 5 км. Сезілу деңгейі туралы мәліметтер жоқ.