Алматыдан 405 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 405 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА. 

Алматыдан 405 шақырым жерде жер сілкінді

Жер сілкінісі 29 желтоқсан күні Алматы уақытымен 05 сағат 36 минут 59 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.6. MPV тербелісі - 4.5.