Алматыдан 413 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 21 қарашасында Алматы уақытымен 19 сағат 02 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 413 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 413 шақырым жерде - Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 11.0. MPV магнитудасы - 4.8. Эпицентрінің координаттары 41.65° с.е. 81.46° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.