Алматыдан 414 шақырым қашықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 5 желтоқсанда Алматы уақытымен 14 сағат 33 мин 39 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 414 шақырым қашықта жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 414 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.1. MPV тербелісі– 4.4. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.