Алматыдан 416 шақырым қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда Алматы уақыты бойынша 02 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 416 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Сейсмологтер хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 416 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9.0. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі - 15 шақырым.

Жер дүмпуінің сезілуі туралы ақпарат жоқ.