08:32, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Алматыдан 420 шақырым жерде жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі 19 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 07:31:46-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 420 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. «Магнитудасы MPV 4.6. Сілкіністің сезілгені жайлы ақпарат түскен жоқ», - делінген хабарламада.