Алматыдан 422 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінде 14 шілде күні 16 сағат 4 минут 37 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 422 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.0. MPV магнитудасы – 4,2. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 39.58° с.е. 75.39° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар