11:47, 11 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Алматыдан 426 шақырым қашықтықта жерасты дүмпуі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық стансалар желісі сағат 09 сағат 36 минут 35 секундта жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің кіндігі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 426 шақырымда орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 9.7.
Магнитудасы MPV 4.0.
Тереңдігі 10 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі сезілгені туралы мәлімет жоқ», - деп атап өтіледі хабарламада.