Алматыдан 444 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 01 наурыз күні Алматы уақытымен 01 сағат 54 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 444 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,8, магнитудасы – 4,7.
Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.