18:09, 22 Ақпан 2023 | GMT +5
Алматыдан 450 км жерде тағы жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 450 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.3. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін сағат 16.25-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын.