Алматыдан 459 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда 06 сағат 19 минут 19 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Алматыдан 459 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 459 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.5. Тербелісі - 4.0.

5 шақырым тереңдікте болған жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.