Алматыдан 46 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 17 сағат 20 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 46 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 46 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

«Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.7. MPV магнитудасы - 4.2. Координаттары 42.93° с.е. 74.34° ш.б. Ошағының тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.