Алматыдан 479 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақыты бойынша  22 тамыз күні 09 сағат 49 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 479 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 479 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы - 9.8. MPV тербелісі - 4,6. Тереңдігі - 5 шақырым», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.