09:33, 31 Наурыз 2021 | GMT +5
Алматыдан 494 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан батысқа қарай 494 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 31 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 7 сағат 43 мин 37 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 494 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.2.
MPV магнитудасы – 4.5.
Тереңдігі – 15 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы мәлімет түспеген.