Алматыдан 497 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық және тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар жүйесі 2016 жылдың 4 ілдесінде Алматы уақытымен 08 сағат 24 минут 18 секундта жер сілкінісін тіркеді.

 Алматыдан 497 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 497 шақырым қашықтықта  Қырғызстан, Тәжікстан мен Қытай шекараларының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 11.2. Тербелісі - 51. Зілзала тереңдігі - 10 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ», - делінген хабарламада.