Алматыдан 499 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» 2016 жылдың 30 қарашасы күні Алматы уақыты бойынша сағат 04.15 шамасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 499 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың эннергетикалық дәрежесі - 9,9. Тербелісі - 4.4. Тереңдігі 5 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді», делінген хабарламада.