Алматыдан 500 шақырым қашықтықта үш рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» 2016 жылдың 4 желтоқсанында таңертең үш рет жер сілкінісін тіркеді.
None
None

«Алматы уақыты бойынша сағат 07.03-те жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 476 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың эннергетикалық дәрежесі - 10,1. Тербелісі - 4.5. Тереңдігі 5 шақырым.
Екінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 09.27-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 506 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың эннергетикалық дәрежесі - 10,0. Тербелісі - 4.6. Тереңдігі 5 шақырым.
Үшінші жер сілкінісі сағат 09.56-да тіркелді.  Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 489 км жерде Қытай аумағында орналасқан.  Зілзаланың эннергетикалық дәрежесі - 10,5. Тербелісі - 4.5.  Тереңдігі 5 шақырым.

Үш жер дүмпуі де Алматы қаласында сезілмеді», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар