07:04, 26 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Алматыдан 500 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 26 желтоқсан күні 3 сағат 2 минут 17 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 500 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.8. MPV тербелісі - 4.8. Тереңдігі - 10 шақырым.