Алматыдан 536 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 29 қыркүйек күні 19 сағат 41 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 536 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық класы 9.9. MPV магнитудасы 4.1. Бағыты 40.19°с.е. 71.87° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.