Алматыдан 542 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 11 маусым күні сағат 15:40-та ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 542 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 542 шақырым қашықтықта - Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5.

MPV магнитудасы - 4,6.

Эпицентр координаттары - 42,09°, солтүстікке қарай - 83,33° E

Тереңдігі - 15 км.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.