Алматыдан 547 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық стансалар желісі сағат 04 сағат 46 минут 35 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Жер сілкінісінің кіндігі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 547 шақырымда орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі сезілгені туралы мәлімет жоқ», - деп атап өтіледі хабарламада.