Алматыдан 575 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 14 тамыз күні Алматы уақытымен 17 сағат 26 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 575 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.7. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген таратылған хабарламада.