Алматыдан 58 шақырым қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 16 тамыз күні 16 сағат 16 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 58 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 58 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы -9.5. Магнитудасы - 4.1. MPV Жер сілкінісінің бағыты 42.83° с.е. 77.42° ш.б.

Тереңдігі - 10 км. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Фото: www.aa.com.tr