Алматыдан 614 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 желтоқсан күні Алматы уақыты бойынша сағат түнгі 01:17-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 614 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 614 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,0, магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 10 шақырым.

Жер асты дүмпуі сезілген жоқ