Алматыдан 643 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ ҒК сейсмологиялық және тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалары жүйесінде 2016 жылдың 30 маусымында Алматы уақытымен 13 сағат 09 минут 34 секундта жер сілкінісі тіркелді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 643 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.4. Тербелісі 4.7. Тереңдігі 20 шақырым. Алматыда жер дүмпуі сезілмеді», - делінген хабарламада.