Алматыдан 649 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 18 желтоқсанда Алматы уақытымен 11 сағат 42 минут 45 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 649 км қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 649 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Э нергетикалық санаты – 10.8, магнитудасы – 4.9, эпицентрінің бағыты – 40.13° с.е. 70.30° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.