Алматыдан 729 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 18 тамызда Алматы уақытымен 5 сағат 43 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 729 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 729 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 12.2.  MPV тербелісі - 5.4, ошағының тереңдігі - 0-5», делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.