Алматыдан 750 км қашықтықта жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 10 шілдеде Алматы уақытымен 21 сағат :22 20 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 750 км қашықтықта жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 365 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы10.4 магнитудасы –4.6. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.