Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 18 қазан күні Алматы уақытымен 13 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 77 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.0. MPV тербелісі – 3,5. Тереңдігі – 5 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
Фото: www.aa.com.tr