20:53, 02 Мамыр 2023 | GMT +6
Алматыдан 821 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС станциялары бүгін Алматы уақытымен сағат 16:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 821 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.6.
MPV магнитудасы – 4.9.
Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.