Алматыдан 823 км қашықтықта жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 31 желтоқсан күні Алматы уақытымен 13 сағат 56 минут 45 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 823 км қашықтықта жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 823 шақырым қашықтықта, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.1, магнитудасы – 5.6. Жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңдікте болған. Эпицентрінің координаттары 37.03° с.е. 71.58° ш.б. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ», - делінген хабарламада.