Алматыдан 828 шақырым қашықтықта 5,4 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансаларының желісі 20 қазан күні Алматы уақытымен 10 сағат 38 минут 07 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 828 шақырым қашықтықта 5,4 магнитудалы жер сілкінісі болды

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 828 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан. Зілзала қуаты 11.4. Магнитудасы MPV 5.4. Зілзала ошағының тереңдігі 5 шақырым. Координаттары - 37.12° с.е. 71.30° ш.б. Жерасты дүмпулері (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілген жоқ.