Алматыдан 834 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 30 қыркүйек күні 19 сағат 4 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 834 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 11.9. MPV магнитудасы 5. Тереңдігі - 200 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.