Алматыдан 835 шақырым жерде жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісімен 19 наурыз Алматы уақытымен 20 сағат 15 минут 49 секунд кезінде жер сілкінісі тіркелді.

Алматыдан 835 шақырым жерде жер сілкінді

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 835 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің күші - 11,8. Магнитудасы MPV - 5,5. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәліметтер түскен жоқ.