18:16, 15 Тамыз 2021 | GMT +5
Алматыдан 864 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан 864 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 15 тамыз күні Алматы уақытымен 16 сағат 41 минутта жерасты дүмпуін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 864 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.2, магнитудасы – 5.5. Жерасты дүмпуі 45 шақырым тереңдікте болған.