Алматыдан 879 км қашықтықта жер сілкінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 тамыз 16 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан 879 км қашықтықта жер сілкінді

«Зілзаланың ошағы Алматыдан 879 км қашықтықта Ауғанстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6. Магнитудасы 5.5. MPV, бағыты 37.04° с.е. 70.44° ш.б. Тереңдігі 30 км», - делінген хабарламада.