Алматыдан 883 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 26 желтоқсан күні 14 сағат 08 минут 22 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 883 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.5. MPV тербелісі - 5.0. Тереңдігі - 150 шақырым.

Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.

Соңғы жаңалықтар