Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 тамыз күні Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 19.47-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 97 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8, магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 15 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.