14:42, 08 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Алматыдан оңтүстікке қарай Қытай аумағында жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 14.13-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 330 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,0, магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 5 км.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.