13:15, 23 Қараша 2022 | GMT +6
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 264 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 23 қараша күні сағат 11:06-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 264 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 8.1.
MPV магнитудасы – 3.5.
Эпицентрінің ошағы 44.60° с.е 79.58° ш.б.
Тереңдігі 15 км.
Сезілуі туралы ақпарат жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
Фото: static.vkurse.kz