Алматыға АҚШ президентінің экономика жөніндегі кеңесшісі келеді

АЛМАТЫ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 14 күні Алматыға АҚШ президентінің экономика жөніндегі кеңесшісі, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Нуриэль Рубини келеді.
None
None

Мәртебелі мейман тәуекел менеджменті туралы 7-халықаралық конференцияға қатысады.Шараның ұйымдаструшысы «Еуразия» сақтандыру компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нуриэль Рубини конференцияда арнайы баяндама жасайды. Форбс журналының жариялауынша, Н.Рубини әлемдегі ең ықпалды экономистердің бірі. Оның әлемдік дағдарыс туралы 2006 жылы жасаған болжамы 2007 жылы айна-қатесіз келгендіктен әлемдік баспасөз оны «сәуегей» деп атаған еді. Сондай-ақ ол 1990 жылы дамушы елдердің нарығының құлдырауын болжап, ол да тура келген еді.

Соңғы жаңалықтар