Алматыға тағы да қалың қар түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға тағы да қар жауды. Қазіргі сәтте қала аумағында қардың қалыңдығы 5 см, ал тау бөктерінде 10 см.-ге жетті, деп хабарлады Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

Аталған басқарма мамандарының хабарлауынша, қар таң сәріден бастап жауған. «Қазгидрометтің» болжамынша, ол түстен кейін ғана толастамақ.

Қала көшелерін хлор аралас құммен себу жұмыстары таңғы сағат 07:00-де басталып, оған 310 техника мен 925 жұмысшы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар