13:18, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алматыға Ұлыбритания Премьер-Министрінің арнайы елшісі келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Премьер-Министрінің Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанмен сауда қатынастарын дамыту бойынша арнайы елшісі профессор Чарльз Хендри 16-20 қаңтарда Алматы қаласына келеді.
«Профессор Чарльз Хендри Үкіметтің көптеген негізгі өкілдерімен, Алматы қаласының әкімімен, Қазақстан Ұлттық банкінің басшысымен және Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасымен кездеседі. Сондай-ақ ол Ұлыбритания-Қазақстан іскерлік қатынастарын талқылау үшін британдық және халықаралық іскерлер қауымдастығы өкілдерімен жүздеседі», - деп хабарлады Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен. Ресми кездесулермен бірге профессор Хендри Қазақстан-Британ техникалық университетіне барып, студенттермен әңгімелесуді көздеп отыр. Бұл сапар Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы бизнес саласындағы ынтымақтастық деңгейінің артқанын көрсетеді, делінген хабарламада.