16:20, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Алматыға жеткізілген алғашқы вагондардың құрылымы әлемдік талаптарға сай, соңғы технологиялық үлгіде жасалынған - Ким Енг Нам
Ы. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы метросына қосқан үлесін Hyundai компаниясы мақтаныш етеді.

Бұл жайында бүгін аталмыш компанияның президенті Ким Енг Нам электр пойыздары құрылымдарын «Алматметроқұрылыс» электр депосына табыстау рәсімінде айтты.
Ким Енг Намның сөзіне қарағанда, Алматыға жеткізілген алғашқы вагондардың құрылымы әлемдік талаптарға сай, соңғы технологиялық үлгіде жасалынған. «Бұл вагондар сапасы жағынан жолаушылардың көңілінен шығып, қолайлы қызмет көрсететініне сенімдімін», дейді компания президенті.
Сондай-ақ ол метроның алғашқы желісі іске қосылғанда Алматы тұрғындарында қауіпсіз, әрі қолайлы көлік түрі пайда болатындығын айтады. «Алғашқы жылжымалы құрылымдарды сәтті іске қосқан соң келешекте де осындай құрылымдарды жасауға тапсырыс аламыз деген ойдамыз», деп атап өтті өз сөзінде Ким Енг Нам.