«Алматыкітап» баспасы бірінші және екінші сынып оқушылары үшін жаңа технологиямен жасалған жаңа оқулықтар кешенін шығарды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Қазақстанда алғаш рет онбіржылдық мектептердің бірінші және екінші сынып  оқушыларына арналған ерекше оқу-әдістемелік жинақтар кешені жарық көрді.
None
None

Бұл туралы бүгін «Алматыкітап» баспасының өкілдері Қазақстан Баспасөз- клубында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жаңа оқулықтар кешені 2004 жылғы «Білім туралы» заңға оқулықтар дайындауда мұғалімдер талабына басты бағыт беру туралы өзгерістерге сәйкес, мұғалімдердің ұсыныс-талаптарын ескере отырып жасалған.Бұл кешеннің ерекшелігі оқулықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, жазу дәптерлері, бақылау күнделіктері, нота хрестоматиясы, демонстрациялық құралдар, кестелер мен анықтамалық материалдар топтастырылған.Бұнымен қатар заманауи талаптар да ескерілген.

«Оқулықтар мен қосымшалар жасау барысында балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері ескерілді.Кітап шығаруда бәрі де маңызды: форматы ыңғайлы, безендірілуі әдемі, қағаздың сапасы жақсы болуы керек, тіпті оқулық салмағы - 160-тан 380 грамға дейін болуы тиіс. Оқушылардың денсаулығы үшін, біздің басылым бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптарды Қазақстанда бірінші болып жаңа технологиямен жасады, атап айтқанда - FLEX (интегралды) мұқабалы кітап, ондай мұқаба оқулықтарға қойылатын санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес кітапты барынша жеңіл етеді де, шыдамдылығы мықты болады. Ал, кітаптың салмағы баланы сколилоздан сақтауда аса маңызды рөл атқарады», - дейді «Алматыкітап баспасы» Директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталова.

  «Алматыкітап баспасы» 1999 жылдан бері  жұмыс істейді. Бүгінде балалар әдебиетін шығаратын  жетекші баспалардың бірі. Он жыл қызметі ішінде кәсіпорын балалар кітабы мен оқу әдебиетінің 825 түрін, 12,5 миллион данадан астам таралыммен кітап шығарған. Алматыкітап өкілдерінің айтуынша, бүгінде «Алматыкітап» баспасының кітаптарымен Қазақстанның барлық аймақтарындағы мектептер оқиды.

Соңғы жаңалықтар