Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі дәрігер Юрий Шумковтың өліміне қатысты іс сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысы белгіленген жоқ. Істі қарайтын күн туралы қосымша хабарланады», - деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, биылғы 4 сәуір күні Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атып тастаған.

Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.

Кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумков пен пациент арасында қандай да бір жанжал болмағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар