11:25, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Алматылық мүмкіндігі шектеулі жандар әлемдік байқауда жүлделі орынға ие болды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық мүмкіндігі шектеулі жандар «Поющая Коста Брава» халықаралық байқауында жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Халықаралық дода Испанияның Ллорет де Мар қаласында 6 қаңтарда өтті. Қатысушылардың өнерін Италия, Грекия, Армения, Испаниядан келген қазылар бағалады.
Қазақстанның намысын қорғаған Алматыдағы Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің әртістері Әбдірашитов Біржан, Алексеева Алина, Усманова Аминам триосының ыммен айтқан әндері 1-ші орынға лайық деп танылса, вокалистер Дүйсембиев Ержан, Жақанбаев Думан, Лоншакова Мария 2-ші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдарға ие болды.